Конференцияның ашылуына баяндамалар жинақ түрінде басып шығарылады. Қатысу үшін өтiнiш және баяндама тезистерi 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейiн https://mmiton.kaznpu.kz веб-cайты бойынша қабылданады.
Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарына қосу үшін баяндамаларды таңдап алуды өздері шешеді.
Конференция туралы толық ақпарат пен мақалаларды жіберу үшін http://mmiton.kaznpu.kz/ веб-cайтына өту қажет. Өтініштерді қабылдау, баяндамалар, жарияланымдар сұрақтары бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызға болады: 050010, ҚР Алматы қаласы, Төле би 86, Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті, 3 қабат, каб. 308 (жұм.тел.: 272-30-73, 272-82- 72, 272-75-87; +7 747 353 01 63 (whatsApp, Базарбаева Үміт)).
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру шығыны (конференцияның материалдарының жинағы) 6000 теңгені құрайды, төлем «Банк Центр Кредит» ИИК KZ 178560000000086696 БИК КСJBKZKX, РНН 600900529562, БИН031240004969, Кбе 16 есеп шотына төлеу арқылы жүзеге асырылады. Түбiртекте конференцияға қатысушының аты-жөнi, «МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ МЕН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМДЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДА» конференциясына қатысу деп көрсетілуі керек. Түбiртектiң электрондық көшiрмесiн https://mmiton.kaznpu.kz веб-cайтында тіркеу кезінде бірге тіркеп жiберу керек.
Жол шығыны мен тұру шығындары конференция қатысушыларының есебiнен төленедi.
Конференция жұмысының нәтижелері бойынша үздік баяндамалар «Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы. Физика- математика ғылымдары сериясы» (журналды ҚР ҒжЖБМ ҒЖБССҚЕК ұсынған) журналында жариялауға ұсынылады.
Алматы қ. Төле би, 86 Абай атындағы ҚазҰПУ. Математика, физика және информатика факультеті Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы |
© Абай атындағы ҚазҰПУ. 2025 |