Қазақша Русский English

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді, 2022 жылдың 10-11 ақпанында өтетін Ауданбек Көбесовтың 90 жылдығына арналған «Ауданбек Көбесов – әл-Фарабидің философ-ойшыл, математик, жаратылыстанушы, педагог екендігінің шынайы бейнесін жасаушы және заманауи білім мен тәрбие» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

10 - 11 ақпан 2022 ж., ҚАЗАҚСТАН, Алматы

 Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкiлдерi, жетекшi отандық және шетелдiк ғалымдар, университеттер, академиялық мекемелер өкiлдері және білім беруде АКТ қолдану  саласындағы жаңашыл  педагогтар қатысады.

Конференция өтетін орыны мен уақыты

Конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтының ғимаратында Алматы қаласы, Төле-би көшесі, 86 мекен жайында өткізіледі.

Конференцияның ашылуы10 ақпан 2022 ж., сағат 10.00

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын