Қазақша Русский English

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді 2025 жылдың 1–3 қазан аралығында Алматы қаласында (Қазақстан) өтетін

«Білім мен ғылымдағы математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар (ММИТОН)»
тақырыбындағы Х-шы халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция мектептегі информатика пәнінің 40 жылдығы мен педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Ы. Бидайбековтың 80 жылдығына арналады.

Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, университеттер мен академиялық мекемелердің мамандары, сондай-ақ білім беруде АКТ-ны пайдалануда тәжірибесі бар педагогтер мен жаңашылдар қатысады.