АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Математика, физика және информатика факультеті
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді мектеп информатикасының 40-жылдығына және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Ы. Бидайбековтың 80 жылдық мерейтойына арналған «МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ МЕН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМДЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДА» атты X Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз
1 - 3 қазан 2025 ж., Қазақстан, Алматы
Конференцияға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкiлдерi, отандық және шетелдiк жетекшi ғалымдар, университеттер, академиялық мекемелер өкiлдері және білім беруде цифрлық технологияларды пайдалану саласындағы жаңашыл педагогтар қатысады.
Конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика факультетінде өткізіледі.
Конференцияның ашылуы – 1 қазан 2025 ж., сағат 10:00.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Конференцияның ашылуына баяндамалар жинақ түрінде басып шығарылады. Қатысу үшін өтiнiш және баяндама тезистерi 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейiн mmiton.kaznpu.kz мекен-жайы бойынша қабылданады.
Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарына қосу үшін баяндамаларды таңдап алуды өздері шешеді.
Конференцияға мақалаларды жіберу және тіркелу жайлы қосымша ақпараттарды http://mmiton.kaznpu.kz/ сайтынан таба аласыздар. Өтініштерді қабылдау, баяндамалар, жарияланымдар сұрақтары бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызға болады: 050010, ҚР Алматы қаласы, Төле би 86, Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті, 3 қабат, каб. 308 (жұм.тел.: 272-30-73, 272-8272, 272-75-87; +7 747 353 01 63 (wa.me/7473530163 Базарбаева Үміт).
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру шығыны (конференцияның материалдарының жинағы) 6000 теңгені құрайды, төлем «Банк Центр Кредит» ИИК KZ 178560000000086696 БИК КСJBKZKX, РНН 600900529562, БИН 031240004969, Кбе 16 есеп шотына төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Түбiртекте конференцияға қатысушының аты-жөнi, «МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ МЕН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМДЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДА» конференциясына қатысу деп көрсетілуі керек. Түбiртектiң электрондық көшiрмесiн e-mail: http://mmiton.kaznpu.kz/ мекен жайына жiберу керек.
Жол шығыны мен тұру шығындары конференция қатысушыларының есебiнен төленедi.
Конференция жұмысының нәтижелері бойынша үздік баяндамалар «Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы. Физика - математика ғылымдары сериясы» (журналды ҚР ҒжЖБМ ҒЖБССҚЕК ұсынған) журналында жариялауға ұсынылады.
Алматы, ул. Толе би, 86 |
© КазНПУ им. Абая 2025 |